Мектеп тарихы
КММ «№56 жалпы орта білім беретін мектеп» Ақтөбе қаласы
Қызмет түрі: жалпы орта білім беру
Меншік иесі: мемлекеттік
Мекен-жайы: Ақтөбе қ. 12 шағын аудан 37 » В»
Байланыс телефоны: 8 (7132) 445791
e-mail: shkola_56@bk.ru
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 8.00-18.30
Құрылған жылы: 2015 ж.
Қабат саны: 3 қабат
Жобалық қуаты: 600+300 орын
Класс-комплектілер саны: 73
Оқыту тілі: орыс, қазақ
Балалар саны: 1918 бала
Қызметкерлер саны: 170 адам
Мектепте спорт залы, кітапхана оқу залы мен медиатекасымен бірге 247,6 ш.м., медпункт + егу кабинеті, логопункт, психолог кабинеті, IT-кабинет және «Робототехника» кабинеті, Coworking алаңы, тир бар.
Ғимараттың жағдайы: қанағаттанарлық.
Анықтамалық ақпарат:
№56 жалпы орта білім беретін мектеп 2015 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді.
5 жыл ішінде № 56 ЖБОМ әр жылдары конкурс нәтижелері бойынша номинант атанды:
- «Үздік білім беру ұйымы» — Международная Академия наук Педагогики и Инновационных технологии». 2017 жыл.
- ІІІ орын. Ғылым негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жалпыкомандалық орын. 2017 жыл.
- «Үздік спорттық жоба» Ақтөбе облысының орта білім беру ұйымдары арасында өткен «Биіктерге бірге!» байқауы, 2017 жыл.
- «2018 жылдың үздік мектебі, үздік колледжі» Ақтөбе қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген байқау.
- «Үздік білім беру ұйымы» тамыз кеңесі аясында «Орта білім беретін үздік ұйым» республикалық байқауының нәтижесі бойынша «биология кабинеті». 2018 жыл.
- ІІІ орын. Ғылым негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жалпыкомандалық орын. 2019 жыл.
- «Самая умная школа» в общегородской олимпиаде, посвященной 150-летию города Актобе, по предмету «Математика+Логика» 2019 год.
Мектепте үш тілде білім береді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту міндетін жүзеге асырылып, химия, информатика, физика және биология бойынша республикалық пилоттық эксперименттер аясында ЕМО пәндерін ағылшын тілінде оқыту жүргізіледі. 2018-2019 оқу жылынан бастап мектепте ЕМЦ пәндері бойынша жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді оқу бағдарламаларына енгізу эксперименталды алаң жұмыс жасауда. Ол оқушыларға зерттеу және ғылыми-технологиялық әлеуетті күшейтуге, сыни, инновациялық және шығармашылық ойлау, проблемаларды шешуге, коммуникация мен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. STEM-элементтерді қолдану ЕМН пәндері арасындағы «ортақ тақырыптарды» зерттеуде өте тиімді.
Балаларға қосымша білім беру арқылы оқушылардың тұлғалық, әлеуметтік-мәдени құндылықтарына оң қарым-қатынасқа, адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал ету мақсатында мектепте футбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, робототехника, ІТ-кабинет, бокс және И. Білтабанов атындағы әскери-патриоттық клуб жұмыс жасайды. Мектеп жертөлесінде бокс және тир залдары жабдықталған.
Мектепте «дарынды балалар» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру, негізгі құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Бұл бағдарлама әртүрлі жастағы (7-16 жас) балаларға арналып, келесі бағыттарды қамтиды:
— жеке оқыту жоспары бойынша жұмыс;
— оқушыларды қызығушылықтары бойынша жобалау-зерттеу жұмысына қосу;
— оқушыларды оқу іс-әрекетінде белсендіруге бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектепте жыл сайын төрт бағыт бойынша (тілдік, математикалық, робототехника, ІТ) «Атамекен» мектеп жанындағы лагері, балалар ойын алаңы, еңбек отрядтары жұмыс істейді.
Мектеп ұжымында атақтары мен марапаттары бар тәжірибелі педагогтар, сондай-ақ ізденімпаз, креативті, жігерлі жас мамандар көп. Олар білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз ету, мектепті табысты ету мақсатында жұмыла жұмыс жасайды.