Медициналық қызмет
Медициналық қызмет көрсету – оқушылардың денсаулығын сақтайтын және нығайтатын, салауатты өмір сүру салтына қатысты жұмыс түрлерін ұйымдастыратын мектептің құрылымдық бөлімшесі.
![](https://56mektep.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/Picture1.jpg)
![](https://56mektep.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/Picture2.jpg)
![](https://56mektep.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/Picture3.jpg)
Медициналық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы мен лицензиясына мектептерінің медициналық қызмет туралы типтік ережесіне сай жүргізіледі.
Медициналық қызмет міндеттері:
1) оқушылардың денсаулығы мен физикалық және жүйке-психикалық дамуын бақылау;
2) Зияткерлік мектеп оқушыларына кең таралған аурулар кезінде, жарақат алғанда, улану немесе шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық-санитарлық және кеңес беру-диагностикалық көмек көрсету;
3) Зиякерлік мектепте бастапқы емдеу және алдын алу, сауықтыру, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар өткізу;
4) Бақылауға алатын тұстары:
– санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар режимінің орындалуы;
– оқу-тәрбие қызметінің рационалды режимінің қадағалануы;
– оқушыларды тамақтандыру сапасы арқылы дене шынықтыру мен еңбекке баулудың ұйымдастырылуы;
5) гигиеналық тәрбие мен санитарлық ағарту жұмыстарының жүргізілуі.
![](https://56mektep.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/Picture13-742x1024.jpg)
![](https://56mektep.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/Picture26.jpg)